"32 жылдан соң диплом алды": Анасының диплом табыстау рәсіміне келген қыз жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)

/
"32 жылдан соң диплом алды": Анасының диплом табыстау рәсіміне келген қыз жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)
видеодан скриншот

TikTok желісінде Алматыда түсірілген жүрек тебірентерлік бейнеролик кеңінен тарап, қолданушылардың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеода диплом табыстау рәсіміне келген қыз өз анасының ерекше сәтін таспалап алған. Қызыл мантия киген анасы қызының гүлмен келгенін көріп, қуаныштан көз жасына ерік береді. Бұл көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.

Бейнеролик авторының айтуынша, кейіпкер алғашында колледжді тәмамдап, араға 32 жыл салып қайтадан білім алуға шешім қабылдаған. Медицина саласында еңбек ететін ана үшін жоғары білім дипломы кәсіби жолын жалғастыруда маңызды рөл атқарған.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны үлкен мотивация ретінде қабылдап, жылы пікірлерін қалдыруда. Көпшілік "Ешқашан кеш емес", "Нағыз үлгі" деген мазмұнда пікір білдірген.

Қазіргі таңда бейнеролик 920 мыңнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары