"Қуған жетпес, бұйырған кетпес": Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы айтты

/
"Қуған жетпес, бұйырған кетпес": Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы жеңілісі туралы айтты
instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Төрехан Сабырхан

Бокстан әлем чемпионы Төрехан Сабырхан әлеуметтік желіде жазба жариялап, 2026 жылы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ассалаумағалейкум, біз үшін әрдайым тақым қысып, қолдау білдіріп отыратын Қазақ елім! Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл ересектер арасындағы менің алғашқы біріншілігім. Қуған жетпес, бұйырған кетпес. Бұйырғаны күміс болды. Мен бұл біріншілікте бар күшімді салдым. Аянбадым. Мен үшін де, ағам үшін үлкен сабақ болды. Біз ары қарай да тер төгеміз. Сабырхандарды ешкім сындыра алмайды. Тағы қолдауларыңыз үшін мың алғыс", – деп жазды Төрехан Сабырхан.

Айта кетейік, бұл Азия чемпионаты ағайынды Сабырхандар үшін алтын жүлдесіз аяқталды. Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Төрехан Сабырхан 70 келіде финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс медальмен шектелді. Бұл жеңіліс оның ересектер арасындағы алғашқы жеңілісі болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары