Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 4 борышкер қылмыстық жауаптылық қатартылған. Тағы 2 тұлғаға қатысты іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мысалы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2026 жылғы 2 ақпандағы үкімімен кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға арналған алимент міндеттемесін 6 айдан астам уақыт орындамаған, 1,6 млн теңге берешегі бар борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Алимент төлемдерін өндіріп алу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК) 669-бабына сәйкес 52 қасақана борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осылайша, Уәлиханов аудандық сотының 2026 жылғы 17 ақпандағы қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 669-бабына сәйкес, аудан прокурорының бастамасымен жүргізілген іс бойынша алимент бойынша борышкер 3 күн мерзімге қамауға алынды.
Жыл басынан бері құқық бұзушылықтарды жою мақсатында алимент өндіру мәселесі бойынша құқық қорғау органдарына 14 ұсыну жіберіліп, 14 сот орындаушысы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өңір бойынша алимент берешегі 2,3 млрд теңгеден 2 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Аталған мәселе бақылауда, тиісті жұмыс жалғасуда.