Қостанай қаласының №2 сотында «алаяқтық, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану, өзінің қызметтік жағдайын пайдалану, аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жымқыру» бойынша айыпталған Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«TG» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы әрі директоры бола отырып Г. 2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы сәуір аралығында жәбірленушілердің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жымқыру мақсатында, бірнеше рет, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жеткізу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау ниеті болмай тұрып, түрлі интернет-ресурстарда тұқым сату туралы хабарландырулар орналастырған. Өзіне жүгінген жәбірленушілер – шаруа қожалықтары мен заңды тұлғалармен жазбаша шарт жасасқаннан кейін, тұқым үшін 100% алдын ала төлемді алған соң, Г. өз міндеттемелерін орындамаған, ақшалай қаражатты иемденіп, өз қалауы бойынша жұмсаған.
Нәтижесінде 11 жәбірленушіге жалпы сомасы 149 680 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
Сотта Г. кінәсін мойындамады, айғақ беруден бас тартты, әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты өзін ақтауды сұрады.
Жеке басын, жасалған әрекеттердің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот Г.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ 5 жыл мерзімге қаржылық, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары ішінара қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.