Жетісу облысында балықшы адасып кетті

/
Жетісу облысында балықшы адасып кетті
istockphoto

Жетісу облысында адасып кеткен балықшы табылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

1969 жылы туған азамат Сарқан ауданында, Лепсі ауылынан шамамен 100 шақырым қашықтықта, Аягөз өзені бойында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде табылды.

Ер адам 3 сәуір күні достарымен бірге балық аулауға шығып, бағытынан адасып, жоғалып кеткен. Түнгі уақытта бағдарын жоғалтып алған. Іздестіру барысында оның басқа балықшыларға жақын жерде болғаны анықталды. Оның екі досы өздігімен үйлеріне қайтып кеткен.

Іздеу жұмыстарына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ПД мен туысқандары жұмылдырылды.

Құтқарылған азаматтың жағдайы қалыпты. Медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары