Астанада дрифт жасаған жүргізушіге айыппұл салынды

/
Астанада дрифт жасаған жүргізушіге айыппұл салынды
Polisia.kz

Астанадағы Жұмабаев көшесінде BMW көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші қауіпті маневрлер жасап, оның ішінде дрифт ұйымдастырған, деп хабарлайды turkystan.kz Астана қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде жол жабынына зақым келтіріп, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген және маңайдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде қауіпті маневр жасау, жолда көлікті дұрыс орналастырмау және көлік құралын пайдалану ережелерін бұзу бар. Сонымен қатар, ол тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды.

Сот шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, айыппұл салынды. Көлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Полиция өкілдері агрессивті жүргізу, дрифт және әдейі жасалған құқық бұзушылықтар жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай әрекеттер қатаң бақылауға алынып, кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары