Азия чемпионаты: Ерасыл Жақпеков өзбекстандық боксшыға есе жіберді

/
Азия чемпионаты: Ерасыл Жақпеков өзбекстандық боксшыға есе жіберді
Фото: ҚБФ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ерасыл Жақпеков Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы жарысын аяқтады.

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда әлем чемпионы, өзбекстандық Фазлиддин Еркинбоевпен кездесіп, бірінші раундта басымдық танытты. Алайда екінші және үшінші раундтарда қарсыласына есе жіберіп, қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды. 

Сондай-ақ бүгін 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шығады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары