Бұл 2026 жылға арналған Жаһандық терроризм индексінің, яғни GTI дерегінде көрсетілген. Елдегі терроризм көрсеткіші нөлдік ұпайды құрайды. Бұл террорлық оқиғалар қаупінің жоқтығын білдіреді.
Қазақстанмен қатар нөлдік көрсеткішке Қырғызстан, Түркіменстан және Молдова елдері де ие болды.
Халықаралық сарапшылар қауіпсіздіктің мұндай жоғары деңгейі қауіп-қатердің алдын алудың кешенді жүйесі, құқыққорғау құрылымдарының жұмысы және халықаралық ынтымақтастық арқасында қамтамасыз етілген деп есептейді.
Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі деп танылды