Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай нокдаунға түсіп, жеңіліп қалды

/
Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай нокдаунға түсіп, жеңіліп қалды
ҰОК

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.

Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті. 

Сондай-ақ бүгін, 4 сәуірде Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары