Түркістан облысында екі жасар бала суға ағып кетті

/
Түркістан облысында екі жасар бала суға ағып кетті
Видеодан скриншот

Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат ауылындағы Машат өзенінде суға кеткен 2024 жылы туған бүлдіршінді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 31 наурыз күні сағат 18:00 шамасында 2 жасар бала ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ТЖД Жедел-құтқару жасақтары, Полиция департаменті, прокуратура, жедел медициналық жәрдем қызметі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды, — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Жалпы іздестіру жұмыстарына 250 жуық адам, 14 техника, 2 жүзу құралы, ТЖМ 1 кинологиялық есебі мен ұшқышсыз ұшу аппараты және 1 спутниктік байланыс құралы тартылған.

Қазіргі уақытта су түбі 1 км, жағалау сызығы 5 км (жаяу) тексерілді. Сондай-ақ дрон арқылы 1 км аумақ бақыланды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — деп мәлімдеді ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары