Бразилияда ұшақ тұрғын үйге құлап, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

/
Бразилияда ұшақ тұрғын үйге құлап, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Бразилияның оңтүстігінде шағын ұшақ тұрғын үйге құлап, қайғылы оқиға орын алды. Салдарынан кемінде үш адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дереккөздің жазуынша, оқиға Риу-Гранди-ду-Сул штатының солтүстігіндегі Капао-да-Каноа қаласында болған. Бейнебақылау камерасына ұшақтың құлау сәті түсіп қалған.

Кадрлардан әуе кемесінің тұрғын үйлердің біріне соғылып, өрт шыққаны байқалады. Апат болған аумақта негізінен аз қабатты ғимараттар орналасқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында төрт адам болған. Олардың үшеуі, оның ішінде ұшқыш та, қаза тапқан.

Әскери бригада өкілдерінің айтуынша, ұшақ төмен биіктікте ұшып келе жатып, кенеттен биіктігін жоғалтып, апатқа ұшыраған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары