Үш бірдей қазақстандық гимнаст әлемдік доданың финалына жолдама алды

/
Үш бірдей қазақстандық гимнаст әлемдік доданың финалына жолдама алды
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нариман Курбанов

Каир қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұма күні жарыстың бірқатар түрлері бойынша іріктеу кезеңі өтті. Әр жаттығу түрінде үздік сегіз нәтиже көрсеткен спортшылар финалға шықты. Қазақстан атынан бұл турнирде тек ерлер құрамасы өнер көрсетіп жатыр.

Еркін жаттығуларда Алтынхан Темірбек сегізінші нәтиже көрсетіп, финалға өтті. Ал Ілияс Әзізов 11-орын алып, жарысты аяқтады.

Ат үстіндегі жаттығуда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов іріктеуде үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ Зейнолла Ыдырысов екінші нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңі сенбі күні толық аяқталады. Ал финалдық сайыстар жексенбі және дүйсенбі күндері өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары