Шымкентте үш адам автобус аялдамасын талқандады (ВИДЕО)

/
Шымкентте үш адам автобус аялдамасын талқандады (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Шымкентте жанжалдан кейін автобус аялдамасын зақымдаған үш жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға таңғы сағат шамамен алтыда болған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, өзара келіспеушілік салдарынан үш қыз аялдама павильонының шыныларын сындырып, құрылымына зақым келтірген.

Күдіктілер бейнебақылау камералары арқылы жедел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

"Барлығы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп мәлімдеді полиция.

Құқық қорғау органдары әрбір заң бұзушылыққа тиісті құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары