Ақтөбеде ота жасатқан адамның тамағында дәке қалып қойған (ВИДЕО)

/
Ақтөбеде ота жасатқан адамның тамағында дәке қалып қойған (ВИДЕО)
istockphoto

Ақтөбеде ота жасатқан ер адамның тамағында дәке қалып қойған. Үш жыл бұрын болған жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап

Әлеуметтік желіде ер адамның тамағындағы тесіктен дәке суырып жатқаны жайлы видео тарады. 2023 жылы оған ота жасалған, бірақ жағдайы жақсармаған. Ол бір ғана емес, бірнеше аурухананың көмегіне жүгінген, оның ішінде жеке клиникалар да бар.

"2023–2024 жылдары науқасқа ота жасалды. 2024 жылдың 12 қаңтарында бейнежазба негізінде жарада дәкеден жасалған тығын болғаны анықталды. Ақтөбе медициналық орталығында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тампонды науқас өз үйінде алып тастаған. Дегенмен медицина бойынша бұлай істеуге рұқсат етілмейді", - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сараптама науқастың тамағынан алынған дәке тығын операциялық материал емес екенін көрсеткен.

"Науқас әртүрлі медициналық ұйымдарда, соның ішінде стационар, емхана және жеке клиникаларда емделген. Ол алып тастаған дәке тығынның операциялық материал екені расталмады, өйткені хирургиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша операция алдында және кейін жұмсақ және қатты материалдар қолданылады", – деп түсіндірді басқарма.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

"Полиция басқармасы мен қалалық прокуратураның 2026 жылғы 23 ақпандағы шешіміне сәйкес медициналық көмек көрсету кезінде ақаулар анықталған жоқ. Сараптама комиссиясы науқастың денсаулығына зиян келмегенін растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 2-тармағы 1-бөлігі бойынша тоқтатылды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары