«Намысы жоқ екен»: Жан Ахмадиев Дариға Бадықованың экс-күйеуі туралы өткір пікір айтты

/
«Намысы жоқ екен»: Жан Ахмадиев Дариға Бадықованың экс-күйеуі туралы өткір пікір айтты
Коллаж: turkystan.kz

Блогер Жан Ахмадиев актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, ер адам отбасындағы мәселені көпшілікке жария етпеуі керек.

«Дариғаның экс-күйеуі намысы жоқ еркек. Дархан күллі қазақ жігіттеріне топырақ шашты. Есі дұрыс екі еркек отырып алып біреудің әйелін ешқашан өсектемейді. Мен Дариғаны өмірде көрмегем. Бірақ сырттай бақылаймын, өнерін жақсы көремін, киноларына барамын.

Ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында баласы туралы сұраққа “отбасындағы мәселені бұл жерде айтқым келмейді” дейді. Ал еркегі әйелден де төмен болып тұр. Артында сотқа берді. Не үшін? Отбасыдағы нәрсе үйде қалу керек. Оны туыстарың да білмеу керек.

Мен Олжасты да танимын, жерлесім. Өте жақсы жігіт. Оның Дариға мен Дарханның арасына түсіп, оларды ажырастырды дегенге сенбеймін. Өйткені ол ондайға бармайтын жігіт.
Дархан тықымыр жігіт. Құдай біледі, ол үйде Дариға еркектің рөлін, Дархан әйелдің рөлін атқарған сияқты. Көлік әпермеді дегенін де естіп қалдым. Ол не сөз? Сен әйеліңе әперуің керек қой.

“Табысы көтеріліп, мені менсінбей тастап кетті” дейді. Дариға олай істеген жоқ. Оның еркектік дәрежесі Дариғаның табысы көтерілмей тұрып түсіп қалған.
Мысалы, мен күнде өсек айта берсем, әйелімнің алдында түсіп қаламын. Еркек еркек болып қалу керек», — деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар