5 мың адамды Қазақстанға заңсыз кіргізген көші-қон схемасы әшкереленді

/
5 мың адамды Қазақстанға заңсыз кіргізген көші-қон схемасы әшкереленді
istockphoto.com

Көлік прокуратурасының бастамасымен шетелдіктердің Қазақстанда болуын заңсыз заңдастыруға көмектескен топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық Азия елдерінің 5 мыңнан астам азаматы ақшалай сыйақы үшін жұмысқа рұқсат, уақытша тұруды тіркеу және елде болу мерзімін ұзарту қызметтерін алған. 

Қылмыстық схемаға Көші-қон қызметінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Астана қаласындағы филиалының қызметкерлері және заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар басқа да тұлғалар кірген. 

Күдіктілердің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланады:

366-бап (пара алу), 367-бап (пара беру), 368-бап (парақорлыққа делдал болу), 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), 190-бап (алаяқтық). 

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары