«Мені қызды ұрып-соғатын адам ретінде көрсетті»: Актер Асқар Жұмабек үн қатты

/
«Мені қызды ұрып-соғатын адам ретінде көрсетті»: Актер Асқар Жұмабек үн қатты
Видеодан скриншот

Танымал актер Асқар Жұмабек 10 күн абақтыда отырғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі даулы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді.

"10 күн өтті. Аллаға шүкір, шықтым. "Тұлға" дүкеніне бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп, 10 күндік "жолдама" алып бергені үшін рақмет айтқым келеді. Әрине, бұл жағдай көңіліме тиді. Мені бүкіл қазақ еліне хайуан, қарабет, қызды ұрып-соғатын адам ретінде көрсетті. Жақсы, солай-ақ болсын.

Бұл – ақталу үшін емес, бар шындықты айту үшін. Мен өзімді әділ адам деп санаймын. Иә, мінезімде қызбалық бар. Бірақ ешқашан біреудің артынан сөйлеп, жамандап, хайп қуған емеспін.

Менен кешірім күтсе, ол адам мұны бүкіл елге жария етпес еді. Маған қатысты "тепкіледі, шабуыл жасады" деген ақпараттар – өтірік. Керісінше, мені оятқаны үшін рақмет айттым. Иә, ұрыстым, боқтадым. Себебі бірінші болып маған ауыр сөздер айтылды. Кез келген ер адам ондайда ашуланады.
Мен қыз баласының бетіме келіп, дөрекі сөйлегенін бұрын көрмегенмін. Солай тәрбиеленгенмін. Мінсізбін деп айтпаймын, бәріміз адамбыз, қателесеміз.

Бұл – өте төмен әрекет болды. Жұмыс орнында кикілжің болмай тұрмайды. Бірақ бұл жағдай тым әсіреленіп кетті. Маған жала жабылды. Оның да заң алдында жауапкершілігі бар. Бірақ мен ол деңгейге түспеймін. Егер мен жауапсыз адам болсам, менімен 1 жыл 3 ай бірге жұмыс істемес еді", – деді актер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары