Үйіне барып, есігін сындырған: Астанада тағы бір сталкер сотталды

/
Үйіне барып, есігін сындырған: Астанада тағы бір сталкер сотталды
istockphoto.com

Астана қаласының тұрғыны бірнеше жыл бойы ажырасып кеткен әйелінің мазасын алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жәбірленуші онымен хабарласпаймын дегеніне қарамастан, сотталан оның үйіне келіп, кіре беріс есігін бұзып, бірнеше рет пәтерге заңсыз кірген. Сотталғанның заңсыз іс-әрекеттерінен жәбірленуші қорқып, пәтерінен кетіп, анасының үйіне барып жүрген. Бұған қарамастан, сотталушы жәбірленушіге барып, агрессивті түрдегі әрекеттер жасап, жанжалды жағдай тудырған.

Сондай-ақ, сотталушы тұрақты түрде бейтаныс нөмерлерден жәбірленушіге хабарласып, хабарламалар жолдап отырған. Сотталғанның іс-әрекеттері жәбірленушінің үнемі мазасын алып, қорқытатын сипатта болды.

Жүйелі түрде заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші өзінің өмірі мен қауіпсіздігі үшін үнемі қорқынышта болып, бұл оның қозғалыс еркіндігін және күнделікті белсенділігін айтарлықтай шектеді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушыны кінәлі деп танып, оған 100 (жүз) сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Прокуратура заңсыз қудалау үшін айыппұл түрінде 200 айлық есептік көрсеткішке дейін, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары