«Құдайды алдаудың қажеті бар ма?»: Баян Алагөзова әріптестеріне ескерту жасады (ВИДЕО)

/
«Құдайды алдаудың қажеті бар ма?»: Баян Алагөзова әріптестеріне ескерту жасады (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Тележүргізуші Баян Алагөзова Меккеге барып келген кейбір жандардың әрекетін сынға алып, әріптестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі қасиетті сапарды жария түрде көрсетіп, кейін бұрынғы өмір салтына қайта оралатындарды мәдениетсіздік пен екіжүзділікке теңеді.

“Жария түрде Меккеге барады, жария түрде Меккенің аясында селфи жасайды, жария түрде бәрін көрсетеді. Мұның бәрін осылай ашық көрсету нағыз мәдениетсіздік. Ал кейін Меккеден келген соң сол баяғы қыдыру, ішімдік ішу жалғаса береді. Бұл — екіжүзділік. Мұны біреу айтуы керек”, — деді ол.

Сондай-ақ Баян Алагөзова әріптестеріне үндеу жасап, қасиетті сапардың мәнін түсінуге шақырды.

“Егер Меккеге баратын болсаңыздар, Құдайды алдаудың қажеті бар ма, жоқ па – мың рет ойланыңыздар. Кейін келіп алып, қайтадан ішіп, шегіп, қыдырып, боқтап, қуып жүретін болсаңыздар, олай көзбояушылықпен айналысудың қажеті жоқ”, — деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар