Жас өнерпаздар Ташкенттегі байқауда гран-при жеңіп алды

/
Жас өнерпаздар Ташкенттегі байқауда гран-при жеңіп алды
Маңғыстау облысы ҚКО

29 наурыз күні Өзбекстан қаласы Ташкент қаласында «Uzory Azii» халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Дарын» балалар драма ұжымы D категориясы бойынша «Театр өнері» номинациясында сайысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауқымды мәдени шараны «7Arts» халықаралық шығармашылық бірлестігі ұйымдастырды.

Аталған көп жанрлы халықаралық байқауға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен өнер ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Дарын» балалар драма ұжымы көрермендер назарына жазушы Отыншы Көшбаевтың «Қасіреттің көз жасы» атты қойылымын ұсынды. Қойылымды сахнаға жетекші режиссер Ләйлә Садуова мен көмекші режиссер Бибігүл Ұлжабаева дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша ұжымға Астана қаласында өтетін келесі халықаралық байқауға арнайы шақырту табысталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары