Еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан әлеуметтік желіде атасының қайтыс болғанын хабарлап, жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Спортшы атасына арнаған жазбасында өз қайғысын бөлісіп, көпшілікке жақындарын бағалаудың маңызын еске салды.
«Бүгін мен қанатымнан айырылдым... Айтмұхан атамнан айырылдым.
Мен Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, Ата... бірақ үлгермедім.
Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер.
Бұл - ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт.
Ата, мен сізді қатты жақсы көремін. Жаныңыз жәннатта болсын», – деп жазды спортшы.