Ұлытауда есірткі арнасы әшкереленді

/
Ұлытауда есірткі арнасы әшкереленді
Polisia.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол елдің оңтүстік аймағында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жезқазған - Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер маршрутты бақылаған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді", - дейді полиция.

Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары