Түркістан облысында құтқарушылар бір апта бойы суға батқан баланы іздестіріп жатыр

/
Түркістан облысында құтқарушылар бір апта бойы суға батқан баланы іздестіріп жатыр
ТЖМ

Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туылған баланы іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Анасының айтуынша, ол 23 наурыз күні сағат 17:00-де Келес өзенінде суға құлап кеткен. Іздестіру жүргізу үшін ТЖМ, полиция, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ туыстары мен еріктілері жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ хабарлауынша, 17:30 жағдай бойынша облыстың ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Абай және Жүзімдік ауылдарының аймағындағы ұзындығы 42 шақырым Келес өзенінің арнасын арнайы ілмектер мен арқандарды пайдалана отырып тексеріп жатыр. Еріктілермен бірге Жүзімдік, Қызыләскер және Ғ. Мұратбаев ауылдарының су жағалаулары тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлерін тарта отырып, өзен беті бойынша 15 шақырым және су астында 900 метр тексерілді.

Бұдан басқа, Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағы жүзу құралдарын пайдалана отырып, ұзындығы 9 шақырым болатын Лесбекбатыр елді мекенінен Сырдария өзеніне дейінгі учаскеде іздестіру жұмыстарын жүргізуде. ТЖМ 5 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы Келес өзені мен Сырдария жағалауы бойындағы ұзындығы шамамен 55 шақырым аумақты тексеру жүргізілуде.

Подключите WhatsApp и Telegram к amoCRM или Битрикс24

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін эхолот жабдығы мен 8 жүзу құралы тартылды.

"Сонымен қатар іздеудің тиімділігін арттыру мақсатында 28 наурызда Қазығұрт ауданындағы шлюздің жұмысы тоқтатылды, 29 наурызда Өзбекстан Республикасының "Зах" каналының шлюзі жабылды, бұл да су деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда және бақылауда. Барлық тартылған қызмет қажетті шараларды қабылдайды", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары