Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпаратты Қарағанды облысының Полиция департаменті растады.
«Криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзіне тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған», - делінген хабарламада.