Қазақстандық көркем гимнасшылар Aphrodite Cup турнирінде 4 жүлде жеңіп алды

/
Қазақстандық көркем гимнасшылар Aphrodite Cup турнирінде 4 жүлде жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Афина қаласында (Греция) өтіп жатқан көркем гимнастикадан халықаралық Aphrodite Cup турнирінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Финалдық бәсекелер қорытындысы бойынша топтық жаттығуда отандастарымыз 5 доппен орындалған бағдарламада алтын медаль иеленді.

Жекелей сында Ақмарал Ерекешева сәтті өнер көрсетіп, ұршықпен жаттығу бағдарламасында алтын алды. Сонымен қатар, ол доппен өткен финалда күміс жүлдеге қол жеткізіп, таспамен жаттығуда 5-орынға тұрақтады. Айта кетейік, кеше Ақмарал турнирдің көпсайыс қорытындысы бойынша 109.700 ұпай жинап, чемпион атанған болатын. Топтық құрамға да көпсайыс нәтижесінде 1-орын бұйырды.

Айым Мейіржанова ұршықпен өткен финалда қола жүлдегер атанып, шығыршықпен жаттығуда 5-орыннан көрінді. Ал Диана Серсембаева шығыршық сайысының ақтық сынында 6-орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмарал Ерекешева Астана қаласында өткен халықаралық Alem Cup турнирінде де жеңімпаз атанған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары