"Бір шайқастың артынан бір шайқас" фильмі "Оскар" сыйлығын алды

/
"Бір шайқастың артынан бір шайқас" фильмі "Оскар" сыйлығын алды
сурет: Getty Images

16 наурыз күні АҚШ-тың Лос Анжелес қаласында Academy Awards сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтті. Киносыйлық маусымының қорытындысы бойынша кештің басты жеңімпазы "Бір шайқастың артынан бір жайқас" фильмі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Поль Томас Андерсен түсірген картина жалпы алты «Оскар» иеленіп, негізгі қарсыласы "Күнәһарлар" хоррорын басып озды. Фильм "Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Екінші пландағы үздік ер актер", "Үздік бейімделген сценарий", "Үздік актерлік құрам" және "Үздік монтаж" аталымдарында жеңіске жетті.

Ал Райан Куглер режиссерлік еткен "Күнәһарлар" фильмі төрт марапатқа ие болды. Олардың қатарында "Үздік ер актер" (Майкл Б. Джордан), "Үздік түпнұсқа сценарий", "Үздік операторлық жұмыс" және "Үздік саундтрек" бар.

Биылғы марапатта басты актерлік жүлдеге үміткер болған Леонардо Ди Каприо мен Тимоти Шаламе сыйлықсыз қалды.

"Үздік әйел рөлі" номинациясында Джесси Бакли жеңіске жетті. Ол Хамнет фильміндегі рөлі үшін марапат алып, Эмма Стоун ойнаған Бугония картинасынан озып шықты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары