«Жанжал болуы да мүмкін»: Баян Алагөзова KeshYou тобы туралы шындықты айтпақ (ВИДЕО)

/
«Жанжал болуы да мүмкін»: Баян Алагөзова KeshYou тобы туралы шындықты айтпақ (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің KeshYou тобына арналған деректі фильм туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның сөзінше, фильмде ұжымның 20 жылдық тарихы, сахна сыртындағы шындықтар мен топтың басынан өткен түрлі оқиғалар ашық көрсетіледі.

Продюсердің айтуынша, деректі фильмде топтың әр кезеңі, құрамдағы өзгерістер және қыздардың өнер жолында бастан өткерген қиындықтары туралы баяндалады.

Сонымен қатар ол кейбір мәліметтер қоғамда қызу талқылануы мүмкін екенін де жасырмады.

"20 жыл деген екі жыл емес. Бұл – KeshYou тобының өмір жолы, бай тарихы. Біздің көрсетеріміз, айтарымыз, үйретеріміз және үйренеріміз бар. Жақында деректі фильм жарыққа шығады. Жанжал болуы да мүмкін. Бірақ шындықты, қалай болғанын, қайда бағыт алғанымызды бүкпесіз айтқанын қаладым. Қыздардан қандай жолды жүріп өткені туралы шындықты айтуын сұрадық. Деректі фильмде мен де бұл туралы айтамын. Қызық болады деп ойлаймын", – деді Баян Алагөзова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар