Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке Астанада 2 бөлмелі пәтер сыйға берілмек

/
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке Астанада 2 бөлмелі пәтер сыйға берілмек
ҰОК

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов туралы сүйінші жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Grand Building Group (GBG) құрылыс компаниясы чемпионға Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйға бермек.

«Сүйінші, ағайын! Паралимпиада чемпионымыз Ербол Хамитовқа GBG (Grand Building Group) құрылыс компаниясы атынан Астанадан 2 бөлмелі пәтер сыйға беріледі. Қазақстанның атын асқақтата беріңіз. Сіз мықтысыз», – деп жазды депутат.

Сондай-ақ оның мәліметінше, спортшы Астанаға 16-нан 17-сіне қараған түні сағат 01:30 шамасында ұшып келеді. Депутат құрылыс компаниясының басшылығына алғыс білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар