«Жеті жыл күткен сәбиіміз дүниеге келді»: Тамара Асар отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)

/
«Жеті жыл күткен сәбиіміз дүниеге келді»: Тамара Асар отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші, продюсер Тамара Асар отбасында қуанышты жаңалық болғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Өнер иесі жеті жылдан бері күткен сәби дүниеге келгенін айтып, бұл жаңалықпен оқырмандарын сүйіншіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, сәбидің дүниеге келуі қасиетті ораза айы мен Амал-Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген.

"Сүйінші, ардақты ағайын! Амал-Наурызда, әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы болды. Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойныма бұршақ салғандай ерекше тілеп, ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын", – деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші жаңа туған сәбиге өзі ерекше есім бергенін айтты. Оның сөзінше, қыз балаға Әнұза есімі қойылған.

"ӘНҰЗА деп ат қойдым. Лайым да інім мен келінімнің өмірлері ән болсын, әндері ұзағынан болсын деген тілекпен қойдым. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңлім, әрі кіндік қыжым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда. Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін", – деп жазды Тамара Асар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар