Сырықпен секіруден екі дүркін Олимпиада чемпионы Арман Дюплантис мансабында 15-рет жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «Чемпионат» хабарлады.
Швециялық спортшы өз атымен аталатын Mondo Classic – 2026 маусымалды турнирінде 6.31 метр биіктікті бағындырды. Дюплантис межені алғашқы талпынысында-ақ бағындырып, тіпті айқын басымдықпен өтті.
Арман Дюплантистің рекордтар хронологиясы:
2020 жыл — 6.17 м, Турин (Италия);
2020 жыл — 6.18 м, Глазго (Шотландия);
2022 жыл — 6.19 м, Белград (Сербия);
2022 жыл — 6.20 м, Белград (Сербия);
2022 жыл — 6.21 м, Юджин (АҚШ);
2023 жыл — 6.22 м, Клермон-Ферран (Франция);
2023 жыл — 6.23 м, Юджин (АҚШ);
2024 жыл — 6.24 м, Сямэнь (Қытай);
2024 жыл — 6.25 м, Париж (Франция);
2024 жыл — 6.26 м, Хожув (Польша);
2025 жыл (ақпан) — 6.27 м, Клермон-Ферран (Франция);
2025 жыл (маусым) — 6.28 м, Стокгольм (Швеция);
2025 жыл (тамыз) — 6.29 м, Будапешт (Венгрия);
2025 жыл (қыркүйек) — 6.30 м, Токио (Жапония);
2026 жыл (наурыз) — 6.31 м, Уппсала (Швеция).
Mondo Classic – 2026 турнирі Уппсалада (Швеция) өтіп жатыр.