Алматыда жүк көлігі аялдаманы қағып, ағашқа соғылған

/
Алматыда жүк көлігі аялдаманы қағып, ағашқа соғылған
Фото: Pixabay.com

Алматыда Dongfeng жүк көлігі Changan жеңіл автокөлігімен соқтығысқаннан кейін аялдамаға шығып кетіп, ағашқа қағылған. Жүк көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты Бостандық ауданында Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Changan автокөлігінің жүргізушісі Жароков көшесімен солтүстік бағытта қозғалған. Қауіпсіз арақашықтықты сақтамау салдарынан ол Dongfeng жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының инерциясымен жүк көлігі жолдың жүріс бөлігінен шығып кетіп, алдымен аялдама кешеніне, содан кейін ағашқа соғылған.

Dongfeng жүк көлігінің жүргізушісін жедел жәрдем қызметкерлері тексеріп, қосымша медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті шаралар жүргізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары