Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жас ұрпақтың заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау жөніндегі тапсырмаларына сәйкес Республика күніне орай Ақтөбеде 300 орындық Aqtobe IT Hub инновациялық оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұнда жасанды интеллект, робототехника, 3D-модельдеу, бағдарламалау және цифрлық медиа бағыттары бойынша білім алуға жағдай жасалған. Орталық технологияға қызығатын балалардың цифрлық дағдыларын дамытып, өз идеяларын жобаға айналдыруына мүмкіндік береді.