Aктер Әбілмансұр Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына үн қатты. Өнер иесінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқылануда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актер өз жазбасында өмірдегі бақыттың оңайлықпен келмейтінін айтып, оған қатысты түрлі пікір білдірген жандарға жауап бергендей болды.
«Егер бұл өмірде бақытты болу соншалықты оңай болса, бәлкім бәрі де бақытты болар ма еді... Айтқан барлық тілектеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын», — деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердің жазбасына түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі оған қолдау білдірсе, енді бірі жеке өміріне қатысты ойларын ортаға салған.
Айта кетейік, бұған дейін актер Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтергені туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді. Осыған байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтылған.