«Күйеуіме өзім басқа әйел таңдап бердім»: әнші Майра Ілиясова ел білмейтін сырын айтты (ВИДЕО)

/
«Күйеуіме өзім басқа әйел таңдап бердім»: әнші Майра Ілиясова ел білмейтін сырын айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Майра Ілиясова жеке өміріне қатысты бұрын көп айта бермейтін жайттарды бөлісіп, бұрынғы жолдасы туралы естелігін айтты. Бұл туралы ол «Өнер өрнегі» бағдарламасына берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, жолдасы Бақытжан оның шығармашылығына әрдайым түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен.

«Жолдасым Бақытжан түсінігі мол, кең жүректі жан еді. Менің шығармашылығыма әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қарайтын. Таңғы 5-те келсем де, ешқашан ауыр сөз айтқан емес. Бір күні 40 күнге іс-сапарға кеттім, қызымды күйеуіме тастап. 40 күннің ішінде күйеуім жүдеп кеткен. Сондай мықты ер азаматты қор қылып жүрмін деп ойладым. Тамағын да уақытылы ішпейді. Үйде күтіп отыратын әйелі болу керек еркектің. 2 жыл ойланып, осындай шешімге келдік», – дейді әнші.

Сондай-ақ ол өнер жолынан бас тарту өзіне оңай соқпағанын да жасырмады.

«Мен өнерді тастап кете алмадым. Өмір солай өрбіді. Оған өзіне лайықты жан табуы керектігін айттым. Қазір де араласамыз. Оның отбасы, ұлы бар. Бәрі жақсы», – деді Майра Ілиясова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар