Түркістан облысында бейнекамералар арқылы 5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

/
Түркістан облысында бейнекамералар арқылы 5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
polisia.kz

Қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін тәулік бойы бақылау – Сайрам аудандық полиция басқармасы жедел басқару орталығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталықта тәртіп сақшысы Нұрдәулет Сайдикаримов қызмет етеді. Ол бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтап, қоғамдық орындардағы ахуалды бақылайды. Атап айтқанда, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, жалған немесе оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірімен, сондай-ақ нөмірсіз көлік басқару фактілеріне назар аударады.

Қоғамдық орындарда күдік тудыратын әрекеттер байқалған жағдайда ақпаратты жақын маңдағы полиция жасақтарына дереу жеткізеді. Бұл құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, оқиға орнына жедел жетуге мүмкіндік береді.

Жедел басқару орталығы жұмысын бастағаннан бері Нұрдәулет Сайдикаримов бейнебақылау камералары арқылы 5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтаған. Әрбір дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

- Кейде бейнежазбадағы бір ғана кадр құқық бұзушылықты анықтап, оның алдын алуға көмектеседі. Сондықтан айналада болып жатқан жағдайды мұқият бақылап, келіп түскен ақпаратты уақытылы саралау маңызды, – дейді полиция қызметкері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар