Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматтың мәйіті табылды

/
Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматтың мәйіті табылды

Оңтүстік Кореядағы өрттен кейін із-түзсіз жоғалған қазақстандыққа қатысты жаңа мәлімет шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев хабарлады. Оның сөзінше, іздестіру жұмыстары кезінде адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылып, олар сараптама жасау үшін жіберілген.

Министрлік өкілі әзірге сараптама нәтижесі дайын болмағанын айтты. Корея тарапы ресми қорытындыны ұсынғаннан кейін, марқұмның жақындарына тиісті ақпарат жеткізіледі.

Еске салсақ, 1 ақпанда Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде ірі өрт шыққан еді. Оқиғадан кейін екі шетелдік жұмысшының жоғалып кеткені белгілі болды. Кейбір ақпарат құралдары олардың бірі 50 жастағы Қазақстан азаматы екенін жазған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар