Таразда балаларды лицензиясыз оқытқан лицейге айыппұл салынды

/
Таразда балаларды лицензиясыз оқытқан лицейге айыппұл салынды
istockphoto.com

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу фактісі бойынша дарынды балаларға арналған лицейге қатысты істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот білім беру ұйымының Тараз қаласының шағын аудандарының бірінде орналасқан жаңа ғимаратқа көшкенін, алайда жаңа мекенжай бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия немесе лицензияға қосымша алмағанын анықтады. Осыған қарамастан, ғимаратта 2025 жылдың қараша айынан бастап оқу процесі басталған.

Тексеріспен лицензияға тиісті қосымшасыз 7-11 сыныптар арасындағы 318 оқушының (барлығы 16 сынып) оқудан өтіп жатқаны анықталды.

Сотта лицей директоры хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, кінәсін мойындады.

Сотпен жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен мекеме ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды (108 125 теңге).

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар