Түркістанда ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық адам ұсталды

/
Түркістанда ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық адам ұсталды
polisia.kz

Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою, сақтау және өткізу орындарын анықтау, сондай-ақ сою пункттері мен кезбе малды ұстау орындарын тексеру және жануарларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара барысында Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жұмыстары нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 6 дерегін анықтады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған бойынша 27 тұрғынға тиісті шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта аталған бағытта профилактикалық және тексеру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары