Ақерке Рамазанова Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласады

/
Ақерке Рамазанова Гран-при турнирінің қола жүлдесіне таласады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің шешуші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Ақерке Рамазанова (+78 кг) кешкі сессияда қола медаль үшін күреседі. Отандасымыз іріктеуде Украина, Грузия және Франция өкілінен басым түсті.

Ал жартылай финалда Израиль дзюдошысы Раз Гершкомен белдесіп, есе жіберді. Кіші финалда Ақерке Эстония спортшысымен кім мықтыны анықтайды.

Финал Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Айта кетейік, Қазақстан Қазақстан командасында жарыстың 1 алтын және 1 қола медалі бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар