Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды

/
Моджтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды
Reuters

Моджтаба Хаменеи Иран Ислам Республикасының жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды. Бұл туралы Иранның Сарапшылар кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңестің хабарлауынша, ол төтенше отырыста бірауыздан дауыс беру арқылы елдің үшінші жоғарғы көшбасшысы болып таңдалған.

Моджтаба Хаменеи – жуырда қайтыс болған Иранның рухани жетекшісі Али Хаменеидің ұлы. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары оны осы қызметке ең ықтимал үміткерлердің бірі ретінде атап келген.

Кейбір сарапшылар оның кандидатурасы революциялық принциптерге негізделген саяси жүйеде биліктің әулеттік жолмен берілуі мүмкін деген пікірталас туғызғанын айтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар