Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

/
Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (11-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 турнирінде бразилиялық Рафаэл Тобиаспен (14-2) кездесіп, беделді промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жартылай ауыр салмақта жоспарланған үш раундтық айқас толық қашықтыққа созылды. Тартысты өткен кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық файтерге берді - 30:28, 30:28, 30:27.

Осылайша, Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісін тіркеді. Ал бразилиялық Рафаэл Тобиас үшін бұл кәсіби мансабындағы екінші жеңіліс болды.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Ассалаумағалейкум, Қазақстан халқы! Жекпе-жек енді ғана аяқталды. Қателіктер мен кемшіліктер болды. Бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Барша қолдау көрсеткен жанкүйерлерге үлкен рақмет!» - деді Дияр Нұрғожай.

Айта кетейік, UFC 326 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Макс Холлоуэй мен бразилиялық Чарльз Оливейра октагонға шықты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары