Ұландықтар еңбек ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

/
Ұландықтар еңбек ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
ҰОК

Халықаралық әйелдер күніне орай  ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Ән-би ансамблі Ерлер хорының солистері еңбек ардагерлері Роза Асылбекова мен Нина Волковаға арнайы барып, олардың көп жылғы адал еңбегіне алғыс білдіріп, құрмет көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұландықтар ардагерлерге мерекелік құттықтауларын жеткізіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында арнайы барды. Өнерпаздар әсерлі әндер орындап, кездесуді жылылыққа, ықылас пен шынайы эмоцияларға толтырды.


Әскери қызметшілер сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің атынан құттықтаулар мен ізгі тілектерін жеткізіп, еңбек ардагерлерінің өмір жолы қоғамға адал қызмет етудің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Роза Асылбекова көрсеткен құрметі мен ілтипаты үшін әскери қызметшілерге алғыс білдірді.

Бізді ұмытпай, арнайы келгендеріңізге көп рахмет. Бұл біз үшін өте маңызды. Сіздердің ықыластарыңыз жүрекке жылу сыйлап, күш-қуат береді. Жас буынның үлкендердің еңбегін құрметтеп, ел болашағы үшін қызмет еткен жандарды қадірлейтінін көру өте қуантады, - деді Роза Иманғалиқызы.

Мұндай кездесулер құқықтық тәртіп әскерлері үшін игі дәстүрге айналған. Олар ел дамуының берік негізін қалаған аға буынға деген шынайы құрметті білдіріп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың сақталуына ықпал етеді.

Анықтама үшін:

Роза Асылбекова — еңбек ардагері, тыл еңбеккері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі. Ол мұғалімнен бастап қалалық білім беру бөлімінің басшысына дейінгі кәсіби жолдан өтіп, білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Нина Волкова — тыл еңбеккері, еңбек ардагері, қоғам қайраткері. Жоғары жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, «Еңбек ардагері», сондай-ақ бірқатар мемлекеттік наградалардың иегері. 12 жыл бойы қалалық кеңестің депутаты әрі қалалық партия комитетінің мүшесі болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары