Дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирі жалғасуда.
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат ақтық сынға жолдама алды.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Василие Груйичичті (Сербия) жеңді. Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен белдеседі.
Сондай-ақ бүгін Ажар Асхат (70 келіге дейін), Есмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Дастан Шаяхметов және Есет Қуанов (73 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) күрескен еді. Бірақ олардың ешқайсысы финалдық кезеңге өте алмады.