Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз бұл жарыста сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Данилина мен Крунич жұбы алғашқы кездесуінде Слоан Стивенс (АҚШ) және Донна Векич (Хорватия) жұбына қарсы ойнады. 1 сағат 10 минутқа созылған матчта қазақстандық-сербиялық жұп қарсыластарынан басым түсті. Кездесу нәтижесі: 6:3, 6:3.
Турнирдің екінші айналымында Анна Данилина мен Александра Круничті айтарлықтай қиын ойын күтіп тұр. Олар келесі кезеңде Людмила Киченок (Украина) және Дезире Кравчик (АҚШ) жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, Анна Данилина қазіргі таңда әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі (бірінші ракеткасы) мәртебесіне ие.