"Жүрегім жарылардай қуандым": Жеңіс Ысқақова күйеуі тарту еткен ең ерекше сыйлықты атады

/
"Жүрегім жарылардай қуандым": Жеңіс Ысқақова күйеуі тарту еткен ең ерекше сыйлықты атады

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова әйелдер күнінде алған есте қаларлық сыйлығы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Менің есімде қалған керемет бір сыйлық бар. 1990 жылдары елімізде тоқырау заманы болып жатқан тұста отбасын құрып, әрбір алған дүниемізге риза болып, қуанып жүрген кезіміз еді. Сол шақта маған 8 наурыз мерекесіне орай менің жолдасым  мантоварка сыйлаған болатын. Соған мен жүрегім жарылардай қуанған едім", - деді әнші ерекше есте қалған сәт жайлы.

Желі қолданушылары оның бұл оқиғасын өзге әншілердің әсерлі сәтімен салыстырған. Сондай-ақ Жеңіс Ысқақова алған сыйлықты ең ерекшесі деп таныған.

"Күшті, Жеңіс ханым", "Жеңіс Ысқақованың сыйлығы күшті" деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары