Ақтау – Астрахан бағытында автобус іске қосылады

/
Ақтау – Астрахан бағытында автобус іске қосылады
istockphoto.com

Маңғыстау тұрғындары енді Астрахан қаласына жаңа халықаралық автобуспен жете алады. Ақтау қаласынан алғашқы рейс 20 наурызда жолға шығады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Астраханьнан Ақтауға кері рейс 22 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астрахань уақытымен) жоспарланған. Жолаушыларды отырғызу мына мекенжайда жүргізіледі: Бірінші Перевозная көшесі, №120 үй маңы (теміржол вокзалының артында). Сәуір айынан бастап рейстер тұрақты түрде орындалады. Ақтаудан – әр жұма сайын, Астраханьнан – әр жексенбі сайын қатынайды», – деп хабарлады Taxi Star компаниясы.

Сондай-ақ жолаушыларға багаж тасымалдау ережелері еске салынды: белгіленген нормадан артық жүк үшін әрбір қосымша килограммға 350 теңге қосымша ақы төлеу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары