Ақтөбеде 400 үлескердің мүддесі қорғалды

/
Ақтөбеде 400 үлескердің мүддесі қорғалды
istockphoto.com

Ақтөбеде құрылыс компаниялары үлескерлердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін прокуратураның қадағалау қызметі аясында үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан компаниялар анықталған.

11 проблемалық нысан бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 5 айыптау үкімі шығарылды.

Сот 400-ге жуық үлескердің мүддесін қорғап, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы 9 талап-арыз қанағаттандырылды.

Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында «Ақтөбе құрылыс компаниясы – 2023» ЖШС құрылып, бюджет қаражаты есебінен үлескерлердің мәселесін шешу тетігі пысықталуда.

2025 жылы инвестор-мердігерді тарту арқылы бір проблемалық нысанның құрылысы аяқталып, 58 үлескерге пәтер кілттері табысталды.

Биыл желтоқсан айында тағы шамамен 100 пәтерді беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы 1-бөлігі (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары