Бөлме температурасы қандай болуы керек?

/
Бөлме температурасы қандай болуы керек?
сурет: istockphoto.com

Үй ішіндегі ауа температурасы балалар мен ересектердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Дәрігер-терапевт Зарема Теннің айтуынша, жалпы алғанда пәтер үшін ең қолайлы температура – 20-22°C, деп хабарлайды turkystan.kz news.ru-ға сілтеме жасап.

Алайда жас ерекшелігіне қарай бұл көрсеткіш өзгереді.

Нәрестелер үшін (жаңа туған сәбилер) оңтайлы температура 22-24°C аралығында болуға тиіс. Себебі олардың жылу реттеу жүйесі толық қалыптаспаған. Сондықтан олар тез тоңып қалады немесе, керісінше, қызып кетуі мүмкін. Тұрақты әрі сәл жылырақ орта олардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

6 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға 20-22°C жеткілікті. Бұл кезеңде бала белсенді қозғала бастайды, еңбектейді, жүреді. Қозғалыс артқан сайын дене жылуы да көбейеді, сондықтан бөлме тым жылы болмауы керек.

Ересектер үшін де 20-22°C – ең жайлы диапазон. Мұндай температура ұйқы сапасын жақсартады, бас ауруы мен әлсіздіктің алдын алады және ауа тым құрғап кетпеуіне көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар