«Аңсайды жаным жабығып...»: Мейрамбек Бесбаев жазбасымен жұрттың назарын аударды

/
«Аңсайды жаным жабығып...»: Мейрамбек Бесбаев жазбасымен жұрттың назарын аударды
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында ақын Қалқаман Сариннің өлең жолдарын жариялап, көпшілікті түрлі ойға қалдырды.

Аңсайды жаным жабығып теңізді менің, Айдында жүзген аққумен егіз жүрегім.

Арманымды айтып ақ мамық ақша бұлттарға, Аспанға қарап көгілдір неге үздігемін?

Арманыма ұқсас Аққуды киелі құсты, Айнымас асқақ сезіммен сүйемін ішкі. Сағыныш болып тербеткен ақын жүректі, Арман-ай, арман, бұл неткен күй еді күшті?!.

Ғашықпын, теңіз, сендегі асау ғұмырға, Желкенін керіп жастығым жасаулы жырға. Толқынға тәнім шайылып, туласын журек, Қамалып қала беремін қашанғы мұңға?

Сағына берем теңізді, телегейімді, Тұңғиығына батырып терең ойымды, Алсам-ау, шіркін... Сүйсе ғой толқын қыз келіп, Өлең боп кеткен осынау өне бойымды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары