Қазақстандық боксшылар Странджа кубогінде төрт алтын медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық боксшылар Странджа кубогінде төрт алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Қазақстан құрамасы бокстан София қаласында (Болгария) өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды.

Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Ал Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары